Баланың шат күлкісі мен қуанышына ештеңе жетпейді. Олар үшін әр мереке қуаныш. Әсіресе, Жаңа жыл – бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі.
Осыған орай, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы және «BIG SMILE» балалар орталығы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қала мектептеріндегі кәсіподақ мүшелерінің балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді.
Аталған шараға 130 бала қатысты. Мерекелік кеште Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы Әбдіқадыров, «BIG SMILE» балалар орталығының директоры Дарина Виршки барлық бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіді.
Жас жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шарада шоу бағдарлама ұйымдастырлып, Жаңа жылдың кейіпкерлері балалардың көңілін көтеріп, түрлі ойындар өткізіп, соңында тәттілер таратты.
Сонымен қатар, балалар ойын алаңында емін – еркін ойнауға мүмкіндік алды.
Мерекелік шарадан жақсы әсер алған балғындар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қуаныш сезіммен тарқасты.