Шымкентте жалақы мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласында 2019 жылдың 20 қараша күні «Shymkent Bus» автопаркінің қызметкерлері бағытқа шығудан бас тартып, наразылыққа шыққан болатын. Ашуын ашық білдірген автопарк қызметкерлерінің басты талабы — тиесілі еңбекақының төленуі. Жалақы қарызының өтелуіне кәсіподақ өкілдері де белсенді атсалысты. Бүгінде күнде «Shymkent Bus» ЖШС мекемесінде жалақы қарыздары толығымен өтелді.

Айта кетсек, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен «Shymkent Bus» ЖШС мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы Шымкент қаласы бойынша филиалының құрамына кірді. Қазіргі таңда «Shymkent Bus» ЖШС мекемесінде 500 автопарк қызметкерлері жұмыс жасайды. Сонымен қатар бүгін жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларының алдын алу үшін ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Shymkent Bus» ЖШС мекемесі және «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы арасында екі жақты келісім шартқа қол қойылды.

сонымен қатар, “ВИЗИТ ” ЖШС мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Аталған ұйым YNTYMAQ салалық кәсіподағының Шымкент қаласы бойынша филиалының құрамына кірді. Бастауыш ұйым мүшелерінің саны 200-ге жуық. Осыған сәйкес, үшжақты келісім шартқа қол қойылды. Шартқа мекеме басшысы Злавдинов В. И. , бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш. Тулепов және YNTYMAQ салалық кәсіподақ Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев қол қойды.