Маңғыстау облысында кәсіподақ жұмысын заң аясында ұйымдастыру, хаттама толтыру, өтініш ұсыну, жиналыс өткізу әдістерін түсіндіру мақсатында «Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Мейіржан Тұманов, «Yntymaq» салалық кәсіподақ ұйымының филиал төрағасы Сәкен Бекгалыев, заңгері Төлеген Шаимов «Кезби» және «М-Техсервис» ЖШС жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымдары белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында «Кезби» мекемесінде шиеленіскен жағдайды болдырмау, жұмыс беруші мен бастауыш кәсіподақ ұйымы арасында өзара түсініспеушілікті шешетін ұсыныстар дайындалды.
Сонымен қатар, облыстық өнірлік штабтың 30.12.19 жылғы хаттамасы бойынша кәсіподақ тарапынан жоспар жасақталып, 2020 жылдың 9 қаңтарында Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ мүшелерімен жиналыс өткізіліп, кәсіподақ мүшелері өз тарапынан заң аясында жұмыс жасап, еңбек тәртібінің сақталуы барысын қадағалауда.