Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігі игі бастаманы қолға алды. Ұйым ғимаратынан «Ғұлама әлемі» ашылды. Маңызы ерек, мәні бөлек шараға бірлестік төрағасы мәдениет қайраткерлері мен драмматургтер, театр майталмандары қатысты.
«Ғұлама әлемі» деп аталатын арнайы бұрышта данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы, қара сөздері мен түрлі әдеби мұралар қойылған.
Сая Қасымбек – драмматург
Абай әлемі шексіз тағлымды дүниелерге толы… Оны оқып, өскелең ұрпаққа насихаттау міне, осыдан басталып тұр…
Бұрыштың ашылу салтанатында арнайы сөз алғандар бұл шараның маңызына тоқталып, алдағы уақытта ақынға арналған бұрыштың өзге де құнды дүниелермен толығатынын жеткізді. Алдағы уақытта Абай оқулары ұйымдастырылып, халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың данышпаны, Ұлы ақынның дүниелерін халыққа насихаттауда кәсіподақтықтар өз үлесін қоспақ.
Берік Бекжанов – Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
Президент Тоқаевтің мақаласы жарияланған соң, бірқатар тапсырмалар берілген болатын. Міне біз де соған үлес қосып…
Абайды оқу аздық етеді. Абайды тани білу, түсіне, ұғына білу қажеттігін тілге тиек етіп, әлемге танылған классик ақынның айтқан баға жетпес байлығы – қара сөздерін, пәлсапаға толы ой-пікірлері, түйдек-түйдек түйінді тұжырымдарын күнделікті өмірде қолдана білуіміз қажет, дейді бірлестік басшылығы. Себебі, Абай мұрасы ұлтымызды тағдырдың талай тарам жолдарынан, сындарлы сынағынан алып өтетініне кәміл сенімді. Абай мұрасын кеңінен насихаттау – игілікті іс, келер ұрпаққа артылар зор аманат!