Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ү. Найманова Тараз қаласының маңында орналасқан «Айша бибі» шипажайына барып, мекеме жұмысымен кеңінен танысты.

«Айша бибі» шипажайы Тараз қаласынан 25 шақырым жердегі кіші Аққөл жағасында орналасқан. Өз қызметін 2017 жылы бастаған бұл шипажайда көрсетілетін негізгі емнің түрі балшықпен емдеу болып табылады.

Сондай-ақ, шипажай басшылығы кәсіподақ ұйымдарының басшыларын шипажайдың жұмысымен таныстырып, емделушілерге көрсетілетін емнің сан түрлерін жан-жақты айтып, көрсетіп берді.

Жақында ғана 100-ден астам жұмысшысы бар шипажайда бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының құрамына қабылданды.