Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджы аясында «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай орталық қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясын жалғастырды.
Акция аясында белсенді жастар Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған «Абай саябағы» гранит қабырғасы және 140 000 мыңнан астам соғыс ардагерлерінің есімі жазылған тақтайшаларға гүл шоқтарын қойып, айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияға қатысушылар челленджі Батыс Қазақстан облысы «Келешек жастар» кеңесіне жолдады.