Ақтөбе облысы Хромтау ауданында кәсіподақ ұйымы «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің іріктеу турына қолдау көрсетті.
Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалар қатысқан бұл фестивальге аудандық білім беру кәсіподағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту, олардың қоғамнан өздерін тыс сезінбей, белсенді болуларына мейлінше қолдау таныту мақсатында демеушілік жасады.
Барлық қатысушыларға кәсіподақ атынан 10 мың тенгеден сертификаттар табыс етілді.