Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтау» республикалық акциясы аясында «Алматы энергия станциясының» жергілікті «Энергия» кәсіподағы Ұлы Отан соғысының ардагері Гуляев Виктор Павловичтің үйін күрделі жөндеуден өткізді.
Жөндеу жұмыстары үшін кәсіподақ төрағасы Валерий Ситдиковтың «Алматы энергия станциясының» басшылығына өтініш жасауымен 3 079 552 теңге көлемінде материалдық көмек көрсету шешімі қабылданды.
«Ардагерлерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы. Қатары сиреп бара жатқан ардагерлерге тек Жеңіс күнінде ғана емес, оларға әрдайым қамқор болып, талап-тілектерін, өтініштерін қанағаттандырып отырамыз. Ардагердің үйіне сапалы жөндеу жұмыстары аяқталды», – дейді жергілікті «Энергия» кәсіподақ ұйымының төрағасы Валерий Ситдиков.
2020 жылдың 21 ақпаны күні Қапшағай су электр станциясы кәсіподағының белсенділері Виктор Павловичтің үйіне қонаққа барып, өздерінің гүл шоғы мен азық-түлік себетін табыс етті.