2020 жылғы 16 наурыздағы ҚР Кәсіподақтар федерациясының үндеуін қолдау мақсатында білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің бастауымен COVID-19 пандемиясы тұсында қалалық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің және әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қамқорлықты қажет ететін мүшелеріне қолдау көрсету жөнінде шешім қабылданды.
Осыған байланысты қоғамдық ұйым аз қамтылған 362 отбасын 15000 теңге көлемінде бірінші кезекте қажет ететін азық-түлікпен қамтамасыз етуде.