Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысында барлық коммуналдық қызметтер іске қосылды. Соның ішінде «Батыс су арнасы» ЖШС HUTER, TOTAL маркалы 3 бірлік есебіндегі жоғары қысымдағы жуғыштарды алып, COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында кәсіпорын аумағына және техникасына дезинфекциялық өңдеу шараларын жүргізуде.
Ең алдымен жоғары қысымдағы жуғыштармен БӨП, СТҚ өткізу пункттеріне, сонымен қатар қызметкерлерді кәсіпорынға жұмысқа және жұмыстан кейін жеткізетін автобустарға (3 бірлік есебінде) және кәсіпорында бар барлық техника паркінің арнайы техникалық құралдарына күніне 2 рет мерзімді түрде дезинфекциялық өңдеу жүргізілуде.
Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында Кәріздік-тазалау құрылыстары мен 17-Кәріздік сорғы стансасының (Зачаганск к. орналасқан төгінді стансасы) аумағына кіретін және шығатын бөгде мекемелер мен жеке тұлғалардың барлық ассенизаторлық машиналарына дезинфекциялық өңдеу қарастырылған және жүргізілуде.
Сонымен қатар, Исатай батыр-Черняховского көшелерінің қиылысында орналасқан Төгінді стансасына да аппарат дайындалды.