“Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Кеңесінің мүшесі Қанат Наурызбаев жетекшілік ететін “Мерей” ЖШС көпсалалы медициналық орталығы медициналық маскалар өндірісін ұйымдастырды.
Тәуліктік өнімділігі 25 000 – 30 000 дана болатын жабдықта, алғашқы он күн ішінде 300 мыңға жуық бетперделер әзірленді.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 60 мың медициналық маскалар Қарағанды облысының әлеуметтік дәріханаларына жеңілдік негізінде берілді.
Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған мұндай өндірістер өндірушілердің бағасы бойынша шикізатпен қамтамасыз ету қажет деп санаймын, бұл ретте оларды барлық салық төлемдерінен босатуға, сондай-ақ, жаңа заманауи жабдықтарды сатып алуға көмек көрсету керек.