Казіргі таңда мұнай-сервистік компанияларының вахталық ауысым бойынша жұмысшылар қызмет етіп, оларға 1,5-2 есе үстем ақы төленіп жатыр.
Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы бұл қиын кезеңде, төтенше жағдайда отандастардың жалпы тұрақтылығы үшін қызмет етіп жатқан жұмысшыларды қоладауға шақыра отырып, осы күндері жұмыс орындарында бір емес екі айлап жұмыс жасап жүрген барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді.
Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты вахталық ауысымға шыға алмай, үйлерінде қалып қойған жұмысшылардың да ақылары назардан тыс қалған жоқ.
Нақты айтсақ, Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының бастамасы бойынша төтенше жағдайға байланысты вахтаға шыға алмай қалған жұмысшылардың жалақылары сақталып, 50% мөлшерде төлініп жатыр.
Мəселен, “М-Техсервис” ЖШС жұмысшылары жүгініп, біз өз кезегімізде жұмысберушімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде, төтенше жағдайда уақытша вахтаға кете алмай қалған жұмысшыларға жыл сайыңғы төленетін еңбек демалыстарын беру, ал еңбек демалыстарын пайдаланғандарға жалақысының 50 пайызын төлеу туралы бұйрық шығарған болатын.
Бүгінгі таңда Кәсіподақтар Орталығы бастауыш кəсіподақтар ұйымдарымен тікелей байланыс орнатылып, қазіргі қиындық кезеңде олардың еңбек құқықтарының сақталуын басты назарда ұстап отыр.