Кәсіподақ педагогтарды қолдайды

Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы және олардың филиалдары елдегі төтенше жағдай кезінде COVID-19 пандемиясына байланысты кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні білім беру қызметкерлеріне 1 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

Саран қалалық кәсіподақ комитеті 132000 теңгеге материалдық көмек, ал Теміртау қаласында педагогика саласының еңбек ардагерлеріне 250000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қазыбек би және Октябрь аудандық кәсіподақ комитеттері қорғану құралдарын – медициналық маскалар, қолғаптар және антисептиктер сатып алуға 700000 теңге бөлді.

#ФПРК #BIZBERGEMIZ #кәсіподақ