Коронавируспен күресте алдыңғы шепте ақ халатты абзал жандар тұр

Коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген медициналық ұйымдар – Алматы қаласы жедел жәрдем станциясы және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы болып табылады.

Алматы қаласы “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы филиалы қосалқы станциялардағы медицина қызметкерлерінің тұрмысын жақсарту мақсатында инфекциялық аурухананың медицина қызметкерлеріне көмектерін көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясында 11 дана қысқа толқынды пештер, 1 дана электр шәйнектер, 8 дана үтік, 2 дана термопоттар, 2 дана суға арналған кулерлер, Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 5 Электр шәйнек берілді.

Алматы қалалық кәсіподақ филиалы өз медициналық ұйымдарына 2020 жылғы 16 наурыздан 8 сәуір аралығында Алматы қаласының медициналық ұйымдарына 5 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

Мына қиын-қыстау уақытта ауырғанда ең бірінші қол ұшын созатын ақ халатты абзал жандарымыз аман болсын! Дәрігерлердің өздері мен отбасыларына кәсіподақ атынан амандық тілейміз.