elorda.info: “Тастанбек Есентаев: Қиын кезеңде бірлігіміз артып, бір-бірімізге қолдау көрсетейік”

Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Тастанбек Есентаев Елбасының үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Елбасы Н.Назарбаевтың бүгінгі «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуін қолдаймын. Осындай сын сағатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет тарапынан қолға алынған халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеу және экономикамыздың деңгейін құлдыратпау жолындағы маңызды шараларды қолдауға және тұрақсыздыққа жол бермеуге шақырды. Туған елін сүйетін, халқына үнемі көңіл бөлетін Елбасының бұл қиындықты да бірлесе еңсеріп шығамыз дегені көкейімізге сенім ұялатады. Сенімді болу – ол жауапкершілікті сезіну және оны орындай білу. Қиын кезеңде бірлігіміз артып, бір-бірімізге қолдау көрсетейік», – дейді Т.Есентаев.

https://elorda.info/qazaq/jazbalar/08042020/184215/8124.html/8124