Республикалық #БізБіргеміз акциясы аясында SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының құрамындағы 34 мекеменің 130 қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді. Бұл туралы «Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақ бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Купондарды салалық кәсіподақ төрағасы Ерқозы Батырбеков өзі барып жеке-жеке тапсырды.
Бұл купондарға медицина қызметкерлері «METRO» сауда орталығынан өздеріне қажет азық-түлік ала алады. Қиын сәтте адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, қолдау білдірген кәсіподаққа өз кезегінде медицина қызметкерлері кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді.
https://oninfo.kz/k-sipoda-meditsina-yzmetkerlerine-oldau-k-rsetti/