Біздің күшіміз – бірлікте!

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және филиалдары әлеуметтік әріптестермен біріге отырып әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сай білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау және материалдық көмек көрсету бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.
Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары өңір әкімдіктері жанындағы жедел штаб мүшелері болып табылады. Аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына қарасты мүшелік ұйымдарда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және туындаған мәселелерді жедел қалпына келтіру мақсатында жұмыстар тұрақты бақылауда жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан-қала әкімдіктері жанындағы жедел штаб құрамында Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері белсенді қызмет етуде. Бүгінде Жезқазған аумағының білім беру ұйымдарында жұмысынан айырылған немесе жалақы сақталмайтын демалысқа шығуға мәжбүр болған қызметкерлер тіркелген жоқ.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және ардагерлерге көмек көрсету назардан тыс қалған жоқ.
Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының филиалдары тарапынан 2 898 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, осы филиалдардың кәсіподақ мүшелеріне қосымша көмек ретінде Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы өз қаражаты тарапынан барлығы 2 000 000 теңге көлемінде қаржыға әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және ардагерлерге, барлығы 4.890.000 тг. көлеміндегі қаражатқа 874 жанұяға көмек көрсетті.
Біздің күшіміз бірлікте. #Біз біргеміз!