Қызу желіде көтерілген мәселе шешімін тапты

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде төтенше жағдайға байланысты еңбек қатынастары мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында кәсіподақтардың қызу желісі жұмыс жасауда.

​ Қызу желіге «Ана мен бала» Қызылорда облыстық перзентханасы қызметкерлері жұмыс орындарындарына қатынауға ​ ұйымдастырылған автобусқа жолақысын төлеулерінің қаншалықты дұрыс екендігі туралы сұрақ келіп түсті.

​ Айта кетейік, облыста төтенше жағдай кезіндегі карантин режимі талаптарына сәйкес қоғамдық көліктердің тоқтауына байланысты жұмыс беруші ​ жұмыскерлерді өз тарапынан жұмысқа қатынауын ұйымдастыруы тиіс болатын.

Мәселе облыстық штаб назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі таңда перзентхана жұмыскерлерінің жұмысқа қатынау тасымалы жұмыс беруші күшімен тегін ұйымдастырылатындығы хабарланды.