Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі медицина қызметкерлеріне өз алғысын білдіреді

Жамбыл облысы көлемінде карантиндік стационар қызметін көрсететіп отырған «Айша бибі» шипажайының ұжымы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы тарапынан көрсетілген қаржылық қолдауы үшін алғыс
білдіруде.
Кәсіподақ ұйымы бөлген қаражатқа «Айша бибі» шипажайының ұжымы осындай күрделі кезеңде қосымша қорғаныс құралдарын яғни бетперде, антисептиктер алуларына мүмкіндік туды. Бұл індетпен күрес кезінде осы шипажай ұжымына кәсіподақ ұйымының қолдауы алдағы уақытта да көрсетілетін болады.
Дәл осы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптодағы филиалы ұйымының басшылығы тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына және облыстық жедел штабқа ресми өтінішінен кейін «Ана мен баланы аялау орталығы» облыстық оңалту орталығының 8 дәрігері мен 20 медбикесі, 18 санитары коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында қонақ үйге орналастырылды. Кәсіподақ ұйымы осы оқшауланған медицина қызметкерлерінің жатын орындары мен тамағын және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ететін болады.

#BizBirgemiz