mangystaumedia.kz: “«Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр”

Таяуда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тәрбия Бәймбетова мен «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Мейіржан Тұманов, Маңғыстау және Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымдары мен әлеуметтік серіктес аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп, ТЖ-ға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған аз қамтылған отбасылар мен зейнет жасындағы ардагер ұстаздарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Маңғыстау ауданында білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы 45 жанұяға азық-түліктер табысталды. Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы барлық бастауыш кәсіподақ төрайым-төрағалары да белсене атсалысты. Атап айтқанда, 88 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік топтамасы тарту етілді. Акция барысында пандемия кезіндегі сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. – Облыстың кәсіподақ ұйымдары «Біз біргеміз» акциясы аясындағы қайырымдылық шараларды одан әрі де жалғастыра береді, дейді Мейіржан Тұманов.- Еліміздегі төтенше жағдай адам баласына қай жағынынан да болмасын, өзіндік жағымсыз әсер ететіні сөзсіз. Осындай сын сағаттарда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы мен Түпқараған аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы коронавируспен күрес жағдайында білім саласындағы мектепке дейінгі және мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып қайырымдылық шараларын өткізді. Қалалық, аудандық білім саласының еңбек ардагерлері мен аз қамтылған отбасы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы азаматтарына қолдау көрсетілді. Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымының филиалы «Біз біргеміз» акциясының аясында 66 отбасыға 607 500 теңгеге азық-түлік, тұрмыстық заттардан құралған қоржындар дайындалып, аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Акция аясында Қарақия ауданына қатысты Құрық, Жетібай кенті, Мұнайшы станциясы, сонымен қатар алыс шалғайда орналасқан Болашақ станциясы және Қарақұдық, Аққұдық, Құланды, Сенек ауылдарының тұрғындары да қамтылды. Әр адамға ұн, қант макарон, күріш, сұйық май, ет консервілері, сүт, қаймақ, шәй, тәттілер, жемістер, кір жуу ұнтағы секілді тұрмыста бірінші қажеттіліктегі нәрселер табысталды. Еліміз қиын жағдайдан аман өтіп шығу үшін бізге бірлік керек. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезініп, көмек керек жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. «Біз біргеміз» акциясы аясында қамтылған мектеп пен балабақша қызметкерлері өздерінің ризашылықтарын білдіріп, осындай қамқорлық көрсетіп отырған облыс, аудандық кәсіподақ басшыларына, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ризашылықтарын да жеткізді.

Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/100829