Қала тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің кауіпсіздігі үшін емханаларда арнайы фильтрлер орнатылуда. Мамандар арнайы киімдермен көмек көрсетеді. Қажетті сақтық шаралары мейлінше қарастырылған. COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында барлық бекітілген санитарлық талаптар қатаң сақталады.
Стационарларда арнайы оқшаулау бөлмелері жасақталған. Ақтөбедегі медициналық орталықтан 80 керуеттік провизорлық госпиталь жабдықталған. Індет жұқтырған науқастардың қосалқы бөлек аурулары болса немесе жүкті болса медицина орталығына жіберіледі.
Жуырда Ақтөбеде кви жұқтырған науқастармен байланысты болған əйел босанды. Ана мен балада аталған індет белгілері байқалмаған және үнемі бақылауда.