1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қадірлі достар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ауызбіршілік пен түсіністікті, құрмет пен сыйластықты насихаттайтын айрықша мейрам. Себебі, ел бірлігі – Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуі үшін ынтымақ пен тыныштықтың маңызы өте зор. Осыған орай Қазақстан халқының достығы мен ынтымақтастығының арқасында еліміз биік белестерді бағындыруда.

Осындай мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт пен еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Аспанымыз әрдайым ашық, жеріміз тыныш, келешегіміз жайдарлы болсын!

Құрметпен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының м.а. Сатыбалды Дәулеталин