Egemen Qazaqstan: “Жаңа кәсіптер атласы» жобасына қолдау көрсетіледі” 03.06.2020

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (КРКФ) «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасы бойынша зерттеулерге қолдау көрсететін болады. Бұл туралы федерацияның  орталық кеңсесінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен аталмыш жоба жетекшісі BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі өндіріс процестеріне жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Осы орайда, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының маңызы зор деп атап өтті.

Қазіргі таңда мұнай бағасының құлдырауы және коронавирус пандемиясы кесірінен  туындаған экономикалық қиындықтар етек алуда. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) зерттеулеріне қарағанда, COVID-19 туындаған экономика мен еңбек нарығындағы дағдарыс әлем бойынша  шамамен 25 миллион адамның  жұмыссыз қалуына алып келуі  мүмкін делінуде.

«Жаңа кәсіптер атласы» жобасының дамуы туралы баяндаған Саясат Нұрбек мырза, ҚРКФ – Қазақстандағы еңбек нарығына қатысы бар ең ірі қоғамдық ұйым, сол себепті жоба бастамашылары экономиканың негізгі тоғыз саласына жүргізіп, болашақта Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды болжады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастауыш және салалық кәсіподақ бірлестіктері жан-жақты зерттеу жүргізуге қолдау білдіріп, еңбек нарығындағы мамандықтарға деген нақты сұранысты көрсетіп береді деді.

Сөз соңында, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың бұндай жобадан тыс қала алмайтынын атап өтіп: «Бұл жоба әлеуметтік әріптестерге уақыт өткен сайын сыртқы және ішкі әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, еңбек нарығы қалай өзгеретінін және жаңа мамандықтарға жұмысшыларды қайта даярлау үшін қажетті базаны қалай құруға болатындығын болжауға көмектеседі. Жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру кәсіподақтар жұмысындағы маңызды басымдық болып табылады» деді.

Кездесуден кейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы барлық еншілес кәсіподақ ұйымдары «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасын зерттеуді жүзеге асыруға қосылатынын атап өтті.

https://egemen.kz/article/237749-zhanha-kasipter-atlasy-dgobasyna-qoldau-korsetiledi