Жұмыскерлердің еңбек құқығы – басты назарда

Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының ұйымдастыруымен онлайн-жиын өткізілді.

Жиынға кәсіподақтар тарапынан “YNTYMAQ” салалық кәсіподағы Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.

Онлайн-конференция Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қоюына байланысты Еңбек кодексіне енгізілген өзгертулердің негізгі ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілді.

Жиын барысында Бауыржан Ілімшаұлы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша тиянақты түсініктемелер даярлап, мекемелер мен бірлестіктерге жолдауды ұсынды. Себебі, заң жақында ғана қабылданды, көпшілік әлі толық танысып,қолданысқа алған жоқ.

Әркім әрқалай түсініп,сан түрлі қолданыс жасауы мүмкін екендігін айтты. Бірыңғай жүйелі қолданыс болу үшін, бірыңғай түсіндірме және талап болуы тиіс, – деді Бауыржан Әлтеев.