«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 21 маусым – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар аталмыш саланың мамандары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің және ««SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Өңірдің ақ халатты абзал жандары, мамандық үздіктері ел басына түскен қиын күнде жан аямай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне және БҚО «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының мүшелеріне Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың арнайы «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі және құрмет грамотасы, алғыс хаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дүйсеновтың атынан «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздігі» төсбелгісі, 100 000 тг ақшалай сертификаттар табысталған болса, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.Кусаиновтың атынан сала мамандары 100 000 теңгелік ақшалай сертификаттармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.