2020 жыл 19 маусым күні Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Медицина қызметкері күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мекемеде жалпы 140-тан астам қызметкерлер жұмыс жасаса, оның ішінде 8 дәрігер және 27 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
Аталған іс-шарада «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және мекеме басшысы М.Жолтаев құттықтау сөз сөйлеп, еселі еңбегі бағаланған қызметкерлерді кәсіподақтың наградаларымен марапаттады.
“Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен массаж кабинетінің медбикесі Нашова Мейркуль және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен» азық-түлік бойынша қойма меңгерушісі Бисагалиева Мария Калымбетовна және бақылаушы санитар Байынбет Бекжан Полатұлы марапатталды.
Меркелік іс-шараны соңы концерттік бағдарламаға ұласты.