“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
“Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында өткен жиында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгілерімен 3 кәсіподақ мүшесі марапатталды. Сондай-ақ, 5 медицина қызметкеріне 100 000 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, сертификаттар табысталды. Бұдан бөлек, 16 кәсіподақ мүшелері құрмет грамотасы мен алғыс хатқа ие болды.
Сонымен қатар, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалы тарапынан 12 медицина мекемелерінде жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелеріне 100 000 (жүз мың) теңгеден қаржылай көмек берілді. Жалпы 17 адамға 100 000 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, сертификаттар табысталды.
Атаулы күні адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіп, марапаттарды табыстаған “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерқозы Батырбековке ыстық лебіздерін білдіріп, үнемі жандарынан табылып, қолдау көрсететін кәсіподаққа алғыстарын жеткізді.