Сіздерді журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Күн-түн демей жаңалықтың жаршысы болып, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналып, ел өміріндегі игі істерді жеткізіп келесіздер.
Қауіпті індетпен күрес кезінде де шынайы әрі жедел ақпарат таратқан ерен еңбектеріңіз және еңбек адамының мүддесін қорғауда кәсіподақтар жұмысын жариялаудағы белсенді қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Еліміздің дамуына зор үлес қосып, халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұжымдарыңызға шығармашылық табыс, береке-бірлік, абырой биігінде болуларыңызды тілеймін.
Ізгі тілекпен,
ҚРКФ төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин