Кәсіподақ қауіпті індеттің алдын алу шараларына атсалысуда

Кəсіподақ жетекшілері сауда орындары мен көпшілік жиналатын орындардың карантин талаптарына қаншалықты сай екендігін тексеріп,рейдтерге қатысты. Ақтөбедегі ірі сауда орындары мен базарлардағы сатушылар мен тұрғындарға сақтық шаралары түсіндіріліп,талап бұзғандарға ескертулер жасалды.

Елде Төтенше жағдай режимі алынып басталғалы бері көпшілік арасында санитарлық талаптарға салғырт қарайтындар саны  артқаны мәлім.Қазіргідей өңірде пневмония асқынып,науқасқа шалдығу жағдайлары  көбейген  күрделі кезеңде əркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағаны жөн.

«Біздер сауда орындарымен қатар дəмханалар, дəріханаларды т.б орындарды үнемі бақылауда ұстаймыз. Қиын кезде жұмыстарын босаңсытып,талаптарды бұзып, тəртіпке мойынсұнбағандарға ескертулер жасалынды. Біз мұндай  шараларды үнемі ұйымдастырып тұрамыз» ,- деді Қызмет салалық кəсіподағы Ақтөбе облысы филиалының төрайымы, мониторинг топтың белсенді мүшесі М. Сағындықова.