Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ үйінің ғимаратында барлық белгіленген санитарлық нормаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескере отырып, кәсіподақтың 15 мыңнан астам мүшесі, оның ішінде көмір шахталары, байыту фабрикалары, темір жол және технологиялық көлік, энергетика, газсыздандыру, тау-кен-шахта жабдықтарын жөндеу кәсіпорындарының қызметкерлері бар «Қорғау» көміршілер кәсіподағының кезектен тыс сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына «Казуглепроф» салалық кәсіптік одағының төрағасы – Марат Миргиязов, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы – Болат Жұмабеков, «Қорғау» көміршілер кәсіподағы төрағасының міндетін атқарушы – Марат Имаш қатысты және сөз сөйледі.
Көміршілер кәсіподағының одан әрі қызметін жақсарту жөніндегі бағдарламалармен конференция делегаттарының алдында Т.Күзембаева атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы – Қалқаман Ахметов пен Ленин атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы Евгений Буслаев сөз сөйледі.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы болып Евгений Буслаев сайланды.
Көмір саласының кәсіподағы алдағы уақытта да өндірістік кеңестер арқылы, техникалық еңбек инспекторларының белсенді қатысуымен, әлеуметтік серіктес – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігімен бірлесіп, қызметкерлердің денсаулық жағдайына және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайына теріс әсер ететін өндірістік процестерді одан әрі жаңғырту мәселелерін шешуге дайын.
Сайлау өтті, енді алда 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартты дайындау бойынша үлкен еңбекті қажет ететін жұмыс.
#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ #Қорғау