Кәсіподақ тарихи астаналар арасын күй күмбірімен жалғады

Ақтөбе кәсіподағы мен орынборлықтардың қолдауымен елорда күніне арналып тарихи астаналар арасында күй челленджі өтті. Ақтөбе облыстық мәдениет,спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының және мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада қазақ елінің алғашқы астанасы Орынбордан Халықаралық қазақ тілі қоғамының Орынбордағы өкілі құттықтап, қызылордалықтарға күй эстафетасын жолдады. Өз кезегінде олар игі тілектерін күймен көмкеріп, Алматыға жолдаса, Алатау баурайынан ақ тілекке оралған ізгі құттықтаулар күй күмбірімен Нұр-Сұлтандықтарға жетті.

Алаш ардактыларының басын косып,тұғырымызды бекітуге негіз болған, еліміздің ең алғашқы астанасы  Орынбордың əрбір қазақстандық үшін орны ерекше. Бұл іс-шарада атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбаевтың ең таңдаулы шығармаларының орындалуы жайдан жай емес. Осы Орынбор қаласында тәуелсіздік үшін күрескен Құрманғазы айдауда болғанда “Балбырауын”күйін шығарды деген тарихи деректер сақталған. Қазақтың алғашқы  астанасы Орынбордың атақты күйші Құрманғазының өмірінде алар орны бөлек екені тарихтан мәлім.

«Бүгінгі елорда күнінде ел тарихын жаңаша танытуды мақсат етіп, талай ғасырлар азаттық аңсаған елдің  арманы орындалғанын Құрманғазының көңілдерге үміт мен  сенім орнықтырып, өршіл рух беретін  ерекше күйлерімен өрнектеуді парыз санадық. Елордамыз дами берсін.Тәуелсіз еліміздің Сарыарқа төсіндегі жаңа қаласы асқақ армандарға жетелесін»,- дейді шараға үлес қосқан кəсіподақ жетекшісі Назира Табылдинова. Осылайша елорда күніне халық композиторы Құрманғазының күйлерінен ерекше тарту жасалды.