Ақтөбеде арнайы мониторингтік топ қаладағы сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында карантин талаптарының қаншалықты сақталатындығын анықтау мақсатында рейд жұмыстарын жүргізуде. Арнайы бақылау тобының құрамына кәсіподақ жетекшілері мен мүшелері кіреді.
Тексеріс нәтижесінде азық-түлік дүкендері мен дәмханалардың Бас санитарлық дəрігер енгізген талаптарға сай еместігі анықталды. Мәселен, рейд барысында кешкі сағат 21:00-ден кейін жабылмаған дәмханалар мен көлік жуу орындарында санитарлық талаптарды бұзғандарға ескертулер жасалды. “Осындай талап пен тəртіп бұзғандарға келер жолы қайтадан қайталанса, əкімшілік айыппұл салынады” – деді “Қызмет” салалық кəсіподағының Ақтөбе филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова.