Елімізде 5 шілдеден бастап карантин шараларының күшейтілуіне орай кəсіподақтар өндіріс орындарындағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен олардың қажетті қорғаныс құралдарымен қамтылуына ,санитарлық талаптардың сақталуына баса назар аударуда.
Ең алдымен жұмыс берушілердің пандемия кезінде жұмыс орындарын қысқартпай,өнім сапасын ұлғайтып,уақтылы жалақы берулеріне қолдау келген көмектерін көрсетіп, еңбек адамының құқығын қорғауға үлес қосуда.Ақтөбедегі Экатон- Батыс серіктестігінің бастауыш кəсіподақ ұйымы қазіргі карантин талаптарына сай жұмысшылардың бекітілген санитарлық талаптар мен арақашықтық сақтауына,қажетті құралдармен толық қамтылуына қолдау танытып отыр.
“Біз олармен үнемі байланыста болып, жағдайларын сұрап ,қолдан келген көмегімізді көрсетіп отырмыз” – дейді бастауыш кəсіподақ жетекшісі.Бүгінде ақтөбелік зауыттың құрылысқа қажет сапалы өнімдеріне басқа өңірлерден де сұраныс жоғары.Кəсіподақ жетекшілерінің айтуынша, карантиннің күшейтілген талаптарына сай өндіріс орындарында қоғамдық бақылау қолға алынды. Бастысы-жұмысшылардың еңбек құқығы мен денсаулығын сақтауға арналған шаралардың өз деңгейінде орындалуы болып отыр.