Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ “Shymkent Adaldyq Alany” жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерінің белсене араласуымен қала аумағындағы бірқатар дәріханаларға қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Мұндағы мақсат – қала дәріханаларының сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағалардың шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін зерттеу.
Арнайы жасақталған топтың құрамына қалалық Жастар мәслихатының депутаттары мен БАҚ өкілдері де кірді.