Ақтөбе Рельс-Арқалық зауыты карантин талаптарына сай жұмыс істеуде

Ақтөбеде карантин тәртібі қайта күшейтілгелі ірі кәсіпорындарда да санитарлық талаптарды сақтап, жұмысшылардың денсаулығын қорғауға аса назар аударылып отыр.

Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытында бүгінде 800-ге тарта жұмысшы бар. Зауыт үздік бестіккке енген. Бастауыш кəсіподақ ұйымының жетекшісі зауыттағы жұмысшылардың санитарлық талапқа сай жұмыс атқаруларын қадағалауда. Зауыттың кіре берісінен қорғаныс заттарымен қамтып,жұмысшылар арасындағы қашықтықты сақтау,санитайзерлер, термометрлер,жұмыс орнын дезинфекциялау тұрақты бақылауда.

Қазірде зауыттағы шығарылатын өнімдер отандық темір жол саласы құрылысымен қатар шетелдерге экспортқа шығарылады.

Кəсіподақ көмегімен індеттің алдын алуға арналған барлық шаралар жүйелі қолға алынған. Пандемия кезінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында техникалық инспекторлар да күнделікті алдын алу жұмыстарына үлес қосуда.