Шымкент қаласында карантиндік режимді сақтау бойынша «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының жанынан құрылған бақылау тобы кәсіподақ ұйымы бар «Шымкент қаласының Статистика департаменті» мемлекеттік мекемесінде санитарлық режим талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Оның ішінде: кіре берісте кезекшіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныш заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыстың негізгі бөлігін онлайн режимге өткізудің жағдайы, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді залалсыздандыру жұмыстары басты назарда болды.
Департаменттің жалпы штаттық бірлік саны 101, оларда нақты жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 96 адам болса, оның ішінде:
– 10 қызметкері кезекті еңбек демалысына жіберілген;
– 47 қызметкер қашықтықтан жұмыс жасауға жіберілген;
– 10 қызметкер еңбекке жарамсыздық парағында;
Ал, қалғандары жұмыс орнында карантиндік режим талаптарын сәйкес сақтай отырып, өз қызметтерін атқарып жатыр.