«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымы тарапынан коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Акционерлік қоғам басшылығымен коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда жасалынатын әрекеттер алгоритмі жасалып, әрбір қызметкерлер мен жұмысшыларға жоспардан тыс нұсқамалық өткізіліп, нақтыланып түсіндірілді.
«Коронавирус инфекциясының алдын алу және емделу шаралары» тақырыбына қатысты «Медикер Илек» ЖШС дәрігерлері үздіксіз іс-шаралар өткізіп отырады.
Акционерлік қоғамның басшылығы мен кәсіподақ ұйымының бірлекен шешімдерімен барлық мәдени, мерекелік іс-шаралар (жиналыстар, семинарлар және т.б.) өткізуге қатаң тыйым салынды.
Әкімшілік ғимаратта қызметкерлердің дене қызуын адаммен байланыссыз анықтайтын тепловизор қондырғысы орнатылған. Медициналық маска тағу талабын барлық қызметкерлер бұлжытпай орындауда. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтықта жұмыс істеу әдісіне көшірілген. Жұмыс орындарын арнайы дезинфекция құралдарымен залалсыздандыру күшейтілген режимде жүргізілуде. Қызметкерлер бір рет және бірнеше рет пайдалануға болатын медициналық маскалармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуде. Сол үшін арнайы мекемелермен келісімшарт жасасып, белгіленген кесте бойынша үнемі қамтамасыз етіліп келеді.
«Медикер Илек» ЖШС-ның Жаңажол кен орындарындағы медициналық пунктері қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. Дәрі-дәрмектер, медициналық маскалар, жеке гигиена құралдарын алуға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымдары қаржы бөліп, вахталық әдіспен қызмет етіп жатқан жұмысшыларға белсенді түрде қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, Акционерлік Қоғамның жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан жұмысшылардың осындай қиын кезеңде еңбек құқықтарының сақталуы, медициналық қорғаныс құралдарымен уақытылы қамтамасыз етіліп отыруы ерекше қатаң бақылауда алынған.