Карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауда

Түркістан облысында карантиндік режимнің ұзартылуына және шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты “Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы” ҚБ-нің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен  мекемелердегі ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарын сақтау барысына тексеріс жүргізді.

Мекеменің кіре берісінде кезекшіліктің болуы, бетперде кию, дене қызуын өлшеу, антисептиктердің, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызмет алушылар арасындағы қашықтықты сақтау, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді хлорлы сумен жуу, санитайзерлер, термометрлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайы тексерілді.

Тексеріс нәтижесінде қызметкерлердің жұмыс орнында карантиндік режим талаптарын толыққанды сақтайтындары анықталды.