Қоғамдық бақылау жүргізілді

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 01 шілде күнгі «Шымкент қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алуды әрі қарай күшейту туралы» №26 Қаулысына сәйкес 5 шілде мен 20 шілде аралығында Шымкент қаласында карантиндік режим ұзартылып, шектеу шараларының талабы күшейтілді.

Осыған байланысты «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бақылау тобы кәсіподақ ұйымы бар «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде санитарлық режим талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.

Оның ішінде: кіре берісте кезекшіліктің болуы, бетперде киіп жүру, жұмыс басталар алдын дене қызуын өлшеу, антисептиктердің болуы және пайдалануы, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, ұжымдағы қызметкерлердің белгілі бөлігін үй жағдайында қашықтықтан жұмыс жасауға жіберу, кезекті еңбек демалысына жіберу, жұмыстың негізгі бөлігін он-лайн режимге өткізудің жағдайы, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді зарарсыздандыру, қызметкерлердің әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайы мәселелерімен танысып, оның барлығы талап деңгейінде екендігіне көз жеткізілді.

Атап айтқанда: ғимаратқа кіре берісте дене қызуын өлшеу құралдары, антисептиктер орнатылған.

Басқарманың 46 қызметкерінің:
– 10 қызметкері кезекті еңбек демалысына жіберілген;
– 16 қызметкер қашықтықтан жұмыс жасауға жіберілген;
– 2 қызметкер еңбекке жарамсыздық парағында;

Ал, қалғандары жұмыс орнында карантиндік режим талаптарына сәйкес өз қызметтерін атқаруда.