Ақтөбедегі мұнай сервистік компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мәселелері облыс əкімінің орынбасары қатысқан жиында талқыланды. Онлайн бейнеконференцияға өңірдегі компаниялардың 50-ден астам өкілі мен кəсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Басты тақырып – вахталық əдіспен жұмыс жасайтын мұнайшыларға кезекпен ауысымды реттеу, ПЦР-тестілеуден өту,карантин кезінде вахтада болу мерзімін қадағалау.Ақтөбе облысы кəсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек Əмірғалиев өз кезегінде онлайн кеңеске қатысушыларды өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға орай карантин кезінде барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып,еңбек құқықтарының сақталуына жұмысберушілер тарапынан жан-жақты жағдай жасалуын баса айтты.
Сонымен қатар жұмысшылардың Еңбек кодексіне сай мерзімінде жалақыларын алуын, ұжымдық шарттардың орындалуы, тамақтануына,вахталық қалашықта тұруына т.б қолайлы мүмкіндіктер жасауына ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.Онлайн кеңесте кейбір компанияларда бастауыш кəсіподақ ұйымдарының əлі жоқтығын, жұмысшыларға уақытша кəсіпорын жұмысы тоқтағанда жалақы төлеудегі олқылықтарды жою мәселесі жан -жақты талқыланды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы кəсіподақ орталығының төрағасы жұмысшылардың денсаулықтарын сақтауға мейлінше қамқорлық жасалуын ,олардың қорғаныс құралдарымен толық қамтылуына бастауыш кәсіподақтармен бірлесіп ұдайы қоғамдық бақылау шаралары жүргізіліп отырғанын жеткізді.