Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарындағы жағдайға, сондай-ақ жұмыс берушілердің сала қызметкерлерінің денсаулығы мен өміріне қажетті жағдай жасауға деген көзқарасына тоқталған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев бұған нақты мысал келтірді. «Осы баспасөз конференциясына дейін мен қарапайым кеншіге хабарласып, шахтадағы жағдайды сұрадым. Оның айтуынша, індетті жұқтыру жағдайлары көп, шахтаға 5 жұмысшының орнына үш адам түсіп жүр. Карантинге байланысты аталған кәсіпорындарда жұмысшыларды қабылдау уақытша тоқтатылған», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілі.