42500 əлеуметтік бір жолғы төлемді тағайындауға кәсіподақ жетекшілері үлес қосуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиннің күшейтілген режимін шілде айының соңына дейін ұзарту туралы жарлығына сəйкес мұқтаж азаматтарға 42500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленетін болды. Еліміздің барлық өңірлерінде 42500 төлемді тағайындауға бүгін өтініштер қабылдау басталды.Өтініштерді тағайындайтын қалалық комиссия құрамында Ақтөбе облысы Кəсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов те бар.

“Алғашқы қабылдау күнінде қалалық комиссияға 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Біз олардың әр қайсысын мұқият зерделеудеміз. Төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидаттар бойынша тағайындалады” – дейді комиссия мүшесі Ж.Ақбергенов.

Əлеуметтік төлем карантиннің күшейтілген талаптарына байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жəне жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілерден қабылдануда.