Шымкент қаласында карантиндік режим ұзартылып, шектеу шараларының талабы күшейтілгені белгілі. Қазіргі таңда Қаратау ауданында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері Қаратау ауданында құрылған мобильді топпенен бірлесе жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде “Шахан”, “Сайман”, “Жаңалық”, “Сұлтан”, “Метро”, тағы басқа сауда орталықтарында залалсыздандыру жұмыстары арнайы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жасалуда.