«ӨзенМұнайГаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қауіпті індетпен күресуге  қаражат бөліп,  құрал-жабдықтар алып берді

«ӨзенМұнайГаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ Әлемдік пандемия «COVID-19» коронавирус індетімен күресу мақсатында кәсіподақ мүшелерінің денсаулығына бей-жай қарамай «ӨзенМұнайГаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің бюджетінен 16 018 800 (он алты миллион он сегіз мың сегіз жүз) теңге қаражат бөліп  керекті құрал –жабдықтар сатып алып берді. Жұмысшылар үшін бетперделер тіктіріп, таратылды.
Сонымен қатар,  Жаңаөзен қаласының әкімінің жазған хатын басшылыққа алып, Жаңаөзен қалалық көп бейінді ауруханасына «ӨзенМұнайГаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің бюджетінен 18 461 500 (он сегіз миллион төрт жүз алпыс) теңге қаражат бөлініп ,оған  қажетті құрал-жабдықтар алынып, Жаңаөзен қаласының тұрғындарының денсаулығын түзеу үшін Жаңаөзен қалалық көп бейінді ауруханасына пайдалануға берілді.  Атап айтқанда, аталған қаражаттың 1 221 500 (бір миллион екі жүз жиырма бір мың бес жүз) теңгесіне 100 дана кислород редукторы, 300 дана хомут, 270 метр шланга  және  «Армед» 7 F- 3L оттегі концентраторы, «Olive-OLV-5» оттегі концентраторы, «iMECI2- пациент» мониторын  алып берді.