Кәсіподақ қол ұшын берді

“SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы пандемия кезінде науқастанған медицина қызметкерлеріне  қолдау көрсетті. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерінің өтінімдері бойынша  сырқаттанған 655 медицина қызметкеріне барлығы 45 медициналық ұйымға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал кезінде біз өз кәсіподақ мүшелеріміздің өмірі мен денсаулығын қорғауды, оларға амбулаториялық ем емдеу кезінде медициналық көмек көрсетуді өзімізге парыз санадық, дейді”SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.

Барлығы 15 түрлі аса қажетті медициналық преператтар сатып алынып,бастауыш кәісподақ жетекшілеріне арқылы таратылып берілді.