Қарағанды облысында карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау бойынша мониторинг жалғасуда. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, атап айтқанда: Әли Абжанов, Жақсыәнім Рахым – Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығының қызметкерлері, Айқын Ахметов – құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының төрағасы, Сұлтан Медеубаев – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілі «Қарағанды Су» ЖШС барып қайтты.
Мониторинг тобының жұмысына Гүлнар Шахарбаева – кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Төлеу Рашитұлы – қауіпсіздік және еңбекті қорғау және экология қызметінің басшысы қатысты.
«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды облысының бірқатар қалалары мен аудандарының тұтынушыларын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсыну бойынша субъект болып табылады. Елдегі коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпорын қызметкерлері қажырлы жұмыс істеді, өйткені олардың жұмысы қаланың тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқарады.
Кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 1765 адам, оның 104-і қашықтықтан жұмыс істеу режіміне көшірілді. Қызметкерлер үшін жалақысы толық көлемде сақтала отырып жұмыс күні 2 сағатқа қысқартылды.
Әкімшілік және кәсіподақ комитеті кәсіпорында жұмыс істейтін мұқтаж қызметкерлерге көмек және қолдау көрсетуде. Жалақының қысқаруы мен кідіруі орын алған жоқ.
Тексеру барысында қоғамдық мониторинг коронавирус пандемиясының таралуының алғашқы күнінен бастап кәсіпорынның жедел штабы – кәсіподақ комитеті басшылықпен бірлесіп жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларын қабылдағанын көрсетті.
Қажетті дезинфекциялау құралдары, маскалар, қолғаптар, бүріккіш рюкзактар, кальций гипохлориті сатып алынды. Кәсіпорын аумағына қорғаныс маскаларында ғана кіргізіледі; жұмыс күнінің басында кіре берісте байланыссыз термометриямен әрбір қызметкерді тексереді, қызметкерлермен пандемия кезеңінде ұстанатын ережелерін түсіндіру және нұсқау беру жұмыстары ай сайын жүргізіліп тұрады; жұмыс орындары арасында әлеуметтік қашықтық сақталған; өндірістік-тұрмыстық, қызметтік бөлмелерді және өткізу пункттерін дезинфекциялауға жүйелі бақылау жүргізіліп тұрады.
Карантин кезеңінде «Қарағанды Су» ЖШС бас директор, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты – Данияр Исаев төлеу кезінде қиындықтарға тап болған тұтынушыларға тең үлестермен үш ай ішінде төлем жүргізуге, сондай-ақ айыппұлдарды қосымша есептеуді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мониторингтен кейін мобильді топ кәсіпорын өкілдерімен бірлесе отырып, қала маңындағы су құбырлары бұзылған жерге барды, онда «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлерімен карантин талаптарын ұстана отырып апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты.
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК-ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ, ЯҒНИ БАРЛЫҚ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда !
#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ #ҚарағандыСу