Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы кәсіподақ жетекшілері және ХЕҰ халықаралық сарапшылары коронавирустық пандемия дағдарысына тиімді әрекет ету шараларын талқылады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Сатыбалды Даулеталин ХЕҰ  Бюросының (AKTРАВ) ұйымдастырған «Жұмыс орындарындағы жұмысшыларды қорғау» тақырыбындағы вебинарға қатысты.

Кәсіподақ жетекшілері пандемия кезіндегі еңбек саласындағы ең өзекті мәселелер туралы пікір алмасты, сонымен қатар ХЕҰ-ның кәсіподақтардың еңбек құқықтарын тиімді қорғау және жұмысшылардың ең әлсіз санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі ұсыныстарын талқылады.Сарапшылар қазіргі жағдайға және жастарға, әйелдерге,жұмысшы-мигранттар мен бейресми жұмысшыларға тиісті әлеуметтік қорғауға қол жетімділіктің шектеулі екендігіне алаңдаушылық білдіреді.ХЕҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде пандемия салдарынан зардап шеккен 1,6 миллиардқа жуық бейресми жұмыспен қамтылғандар  бар.

Олардың көпшілігі үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау қарастырылмаған. Вебинарға қатысушылардың пікірінше, стандартты емес, қорғалмаған жұмыспен қамту формасы бүкіл қоғамның әл-ауқатына қауіп төндіреді.ХЕҰ жұмысшылар кеңсесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бастығы Сергиус Гловацкас кездесудің тұрақты әлеуметтік және еңбек тәжірибесін  дамыту контекстіндегі маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, еңбек қауіпсіздігін нығайту, жұмыс режимін реттеу, әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік кепілдіктер дағдарысқа тиімді әсер етудің ажырамас бөлігі болып табылады. AKTРАВ  директоры Мария Елена Андре ХЕҰ-ның пандемиядан кейінгі қалпына келтіру  тәсілдерін ұсынды. Оларға төрт элемент кіреді: экономика мен жұмыспен қамтуды ынталандыру, кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау, жұмыс орындары мен кірістер, жұмыс орнындағы жұмысшыларды қорғау және әлеуметтік диалог.

«Бүгінде ынтымақтастық — жұмысшылар мен кәсіподақтар үшін басты құндылық. Біздің алдымызда тұрған мәселелерді шешу үшін біз бұл ынтымақты қолдауға тиіспіз », — деп атап өтті сарапшы.

АКТРАВ директоры кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерін кәсіподақ орталықтарының кәсіпорындарды жабу, өндірісті тоқтату және жұмысты қалпына келтіру кезеңіндегі жұмысшылардың құқықтарын тиімді қорғау бойынша іс-әрекеттерін мүмкіндігінше үйлестіруге шақырды.Іс-әрекеттегі нұсқаулық ретінде Халықаралық еңбек ұйымы кәсіподақтар күн тәртібінде дағдарысқа қарсы 10 бап әзірледі.Атап айтқанда, ХЕҰ әлеуметтік әріптестермен жұмыс орындары мен жалақыны сақтау, жеңілдіктер, еңбек пен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша диалог құруды ұсынады.

Сондай-ақ қауіп-қатердің алдын-алу шараларын, жеке қорғанудың әдістері мен құралдарын нақты анықтау ұсынылады.Халықаралық сарапшылардың көзқарасы бойынша ең маңыздысы халықаралық еңбек стандарттарын енгізу жөніндегі шаралар, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандырудың минималды деңгейі туралы № 202 ұсыныс, бейресмиден ресми экономикаға көшу туралы № 204 ұсыныс және бейбітшілікті қамтамасыз ету  үшін жұмыспен қамту мен  лайықты жұмыс туралы № 205 ұсынысы.

Сонымен қатар, еңбек қорғау шаралары, COVID-19 жұқтыру қаупі, санитарлық-гигиеналық стандарттар бойынша бірлескен сабақтар өткізудің маңыздылығы, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша консультациялар өткізудің маңыздылығы атап өтілді.Жалпы, ХЕҰ кәсіподақтарды жұмыс берушілер мен билік органдары үшін жұмысшылардың мүдделерінің  рупорына айналуға шақырады.

Стратегия әзірлеушілерінің пікірінше, бұл шаралар қоғамның жаңа дағдарыстарға бейімділігін одан әрі қамтамасыз етуге арналған.Мария Елена Андре әр кәсіподақ ұйымына ұсынылған шаралар негізінде әлеуметтік әріптестерге өз ұсыныстарын әзірлеуді  ұсынды.«Әлеуметтік қорғау азаматтардың барлық санаттарын қамтуы керек», — деді ол.

АКТРАВ жұмысшылармен байланыс жөніндегі аға маман Виктор Рикко оқшаулау жағдайында зорлық-зомбылық оқиғаларының көбеюіне назар аударды.Оның айтуынша, үйден жұмыс істейтін әйелдердің отбасындағы зорлық-зомбылық қаупі жоғары. Бұл ретте ол ХЕҰ № 190 конвенциясының стандарттарына назар аударды, онда тұрмыстық зорлық-зомбылықты өндірістік проблема деп таниды, онда жұмыс берушілер, Үкімет және кәсіподақтар еңбек саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын анықтау және азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.

Эпидемияны жоюға тікелей қатысатын медициналық және басқа да қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.Бірінші кезекте дәрігерлер, құтқару қызметтері, сауда және басқа да стратегиялық бағыттар туралы сөз болып отыр. ХЕҰ сарапшылары бұл қызметкерлерге медициналық қызметтерге қол жетімділік пен тиісті әлеуметтік қолдауды жеңілдету үшін еңбек қауіпсіздігі туралы қажетті ақпаратпен, жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеді.

Виктор Рикко атап өткендей, медицина қызметкерлері жұмыс орнында COVID-19-ны жұқтыру қаупі бар. Ол мемлекеттердің мейірбике қызметкерлерінің жұмысқа орналасуы, жұмыс істеуі және өмір сүру жағдайлары туралы № 149 Конвенциясының нормаларына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдауы қажеттігін атап өтті.

Тәжірибе алмасу нәтижесінде кәсіподақ жетекшілері дағдарыс кезінде кәсіподақтардың алдында өз елдерінде азаматтардың әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін алға ілгерілетудің  маңызды міндеті тұр деген пікір де бірауыздан қабылданды.Вебинарға қатысушылар ХЕҰ ұсынымдарын орындау еңбек саласындағы сын-қатерлерге тиімді жауап қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.