Әлемді шарлаған ауыр дертке байланысты “Қызмет” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ-нің Түркістан облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымдары қоғамдық бақылауды тұрақты жасауда.
Қызметкерлер арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу, мекеменің кіре берісінде кезекшілік қою, бетперде кию, дене қызуын өлшеу, антисептиктердің, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді хлорлы сумен жудыру, санитайзерлер, термометрлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайлары тұрақты тексерілуде.
Қызметкерлер жұмыс орнында карантиндік режим талаптарына сәйкес өз қызметтерін атқаруда,- деп баяндайды Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бибігүл Исақова.
Қоғамдық бақылау нәтижесін бойынша орталықта қызмет ететін 125 қызметкердің 6-ы қашықтықта жұмыс жасап жатқаны анықталды. Ал қалған қызметкерлер арнайы бегіленген кестеге сәйкес, кезеңмен жұмыс жасауда.