Кәсіподақтар – ардагерлерге ізгі ниетпен

Денсаулық сақтау жүйесінің ардагері Татьяна Васильевна Нежинская 90 жасқа толды.

Татьяна Васильевнаны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының өкілдері мерейтойымен үйіне барып, шын жүректен құттықтады.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы – жұбайы Александр Ильич Балабаспен бірге Татьяна Васильевна 70 жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. 3 бала, 5 немере, 3 шөбере сүйді.

Татьяна Васильевна Нежинская 1950 жылы фельдшерлік-акушерлік мектепті бітіріп,саналы ғұмырын Қарағанды облысының соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған ауруханада медбике жұмысына арнады. 1985 жылы құрметті демалысқа шықты және ол әрқашан жұбайымен бірге қолдауын көріп келеді.

Мерейтой иесі көтеріңкі көңіл-күйде, өз бетінше үй шаруасымен айналысып жүріп, қуанышпен және жақсы естеліктерін айтып, өзінің еңбек жолы туралы жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Кәсіподақ белсенділерімен қатар, Татьяна Васильевнаны мерейтойымен құттықтауға аудан әкімі аппаратының өкілдері де келді. Қарағанды қаласы Қазыбек би «Теплотранзит Караганда» ЖШС әлеуметтік жауапты кәсіпорынымен бірлесіп жұмыс істейді.

Осындай айтулы күні Татьяна Васильевна Нежинскаяны тамаша мерейтойымен құттықтаймыз және мерейтой иесіне көп жылғы адал еңбегі үшін Алғыс білдіреміз, мықты денсаулық, жақсылық, жайлылық, айналасындағылардың, туғандары мен жақындарының қамқорлығына бөлене беруін тілейміз.

СІЗДЕРГЕ БАС ИЕМІЗ, ҚЫМБАТТЫ АРДАГЕРЛЕР!!!

#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ #SENIM