Өз ісінің шебері

Ұстаздар әулетінде тәрбиеленіп, ұстаздық жолын таңдаған, білім беру саласында талай жыл аянбай еңбек етіп, өңіріміздің ғылым мен білімін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздардың бірі – №5 Хромтау гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы.

Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ жас буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Еткен еңбегі де нәтижесіз емес.

2019 жылы шебер-педагог мәртебесіне ие болды.

Торғын Зағитқызының шәкірттері республикалық білім додаларында жүзден жүйрік атанып, топ жарып келеді. Мәселен, оқушысы Алпысбай Әлия республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасының ІІ орын жүлдегері атанды, облыстық пәндік олимпиададан І орын иеленді. «Достық» олимпиадасынан оқушысы Бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ «Зерде», «Үздік жұбановтанушы» , «Ақберен» ,«Тұлпар мініп, ту алған» байқауларында шәкірттері үздіктердің қатарынан көрінді.

Торғын Зағитқызы оқушыларымен бірге өзі де кәсіби конкурстарға қатысып, біліктілігін сынға салып отырады. 2017 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы Республикалық «Үздік партфолио» сайысынан ІІІ орын иеленсе, 2018 жылы «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған байқаудан «Тиімді сабақ» номинациясымен, «Білімланд» сайты ұйымдастырған «Үздік мұғалім-2019» байқауынан Алғыс хатпен марапатталды.

2014 жылдан бері аудандық «Шапағат» желілік қоғамдастығына көшбасшылық етіп, 5 жылдық жұмысының нәтижесінде 2020 жылы ПШО-ның Алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылы «Өрлеу» орталығы ұйымдастырған «Үздік видеосабақ» байқауынан облыстық кезеңінен І орын, республикалық кезеңінен ІІ орын иеленді.

Торғын Зағитқызы өз шығармашылығымен бөлісіп, тәжірибесін республикалық, халықаралық басылымдарға беріп, таратып отырады. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласынан «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұсынуымен авторлармен бірлескен «Oқу мaқсaты: мaзмұны және жүзеге aсыру жoлдaры» тақырыбындағы әдістемелік құралы жарық көрді.
Қорыта айтқанда, Жанұзақова Торғын Зағитқызы – өз мамандығынан рахат таба білген, өмірін бала тәрбиесіне арнаған жігерлі тұлға, үйретері көп көшбасшы, шебер-педагог.